Алматыда көшелер қардан тазартылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы көшелерінен 6446 текше метр қар шығарылды. Қар күреу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының коммуналдық қызметтері қала жолдарында көктайғақтың қалыптасуына жол бермеу үшін 4242 тонна арнайы материал сеуіп шықты. Қар күреу жұмыстарына 641 техника жұмылдырылды», – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Сондай-ақ әкімдік таратқан мәліметтерге қарағанда, қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 512 адам тартылған. Қазіргі уақытта тротуарлар мен қоғамдық көлік аялдамалары және көлік тұрағына бөлінген арнайы орындарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қалалық және аудандық әкімдіктерде қар шығару жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойы қызмет ететін арнайы кезекшілік ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар