Алматыда қойма өртеніп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қойма өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қараша күні сағат 16:35-те өрт сөндіру тобы шақырудың жоғары деңгейі бойынша Жетісу ауданындағы Кокмайса 26 мекенжайына шықты.

«Өрт сөндірушілер келген кезде ангар тәрізді қойма жанып жатты, өрттің көрші қоймаларға таралу қаупі туындады. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 2 жауынгерлік учаске ашылды, қазір 70-тен астам жеке құраммен 21 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қабылданған жедел шаралардың арқасында 17:20-да өрт оқшауланды.


Соңғы жаңалықтар