Алматыда құбыр төсеу кезінде ер адам қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауызсу құбырын тартып жатқан кезде жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай 20 сәуір күні Алматы қаласының Наурызбай ауданы, «Ақжар» шағынауданында болды.

Ер адамның өлімі туралы әріптесі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«20 сәуірде Ақжарда саяжай тұрғындарына суару құбырын салу кезінде біздің әріптесіміз жоғары вольтты сымды іліп кетіп, сол жерде көз жұмды», - деп жазды автор.

Қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, адам өлімі фактісі Наурызбай аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», - деп атап өтті полициядан.

Наурызбай ауданының әкімдігі осы жағдайға байланысты сәл кейінірек түсініктеме беретінін айтты.



Соңғы жаңалықтар