Алматыда құрылыс халықтың тығыздығын ескере отырып жүргізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының тарихи орталығында гектарына 300 адамнан келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыдағы құрылыс халықтың тығыздығын ескере отырып жүргізіледі. Қаланың тарихи орталығында гектарына 300 адамнан келеді.

Бұл қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері бойынша есептелген.

Басқа аудандарда «Алматы – шетсіз қала» тұжырымдамасына сәйкес, тығыздық гектарына 440 адамнан аспауы керек.

Бұл тармақ қала құрылысы құжатында да жазылған.

«Ауданда балабақшалар, мектептер, емханалар мен полиция пункттерінің саны жеткілікті болған жағдайда тығыздықты 20%-ға арттыруға жол беріледі, яғни әлеуметтік инфрақұрылым қамтамасыз етілген», - деп атап өтті Мұхит Әзірбаев.

Ережені Алматы қалалық мәслихаты 2021 жылғы 31 мамырда қабылдады және құрылыс салушылар үшін негізгі құжатқа айналды.

«Талаптар жиынтығы қала құрылысы саласын жетілдіруге және жақсартуға мүмкіндік береді, яғни жайлы, эстетикалық тартымды қалалық ортаны дамытады. Қағидаларда қала тұрғындары мен құрылыс салушылардың мүдделері арасындағы тепе-теңдік сақталғанын атап өткен жөн»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол қағидалар Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әзірленгенін еске салды.

«Ал құжатты жасаудың алғышарты 2019 жылғы 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы»; «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»; «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін ҚР Заңы болды»,- дейді ол.


Соңғы жаңалықтар