Алматыда күшті жер сілкінісі туралы хабар шындыққа жанаспайды – ТЖД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Төтенше жағдай департаменті WhatsApp арқылы тарап жатқан хабарға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда жақын күндері күшті жер сілікінісі болады»,- деген

WhatsApp мессенджерінде тарап жатқан дауыстық хабарлама шындыққа жанаспайды. Төтенше жағдайлар күштері қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Ешқандай жоғары дайындық жүріп жатқан жоқ», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі

Айта кетейік, сейсмология институтының мамандары 2020 жылдың

23-29 қаңтар аралығында Алматы аумағында 7 балл және одан жоғары болатын сілкіністердің күтілмейтінін жеткізген.

Еске салайық, өткен аптада алматылықтар бірқатар жер сілкінісін сезді. Алғашқысы 17 қаңтар күні сағат 22.09-да тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан 368 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан .

Екінші рет 19 қаңтар күні 19 сағат 30 минутта болды. Бұл жолы жер дүмпуі 3-4 балл көлемінде сезілді.

Ал 20 қаңтарда түске дейін, жер сілкінісі Алматы облысында тіркелді.

ТЖД тұрғындардан дүрлікпей, тыныштық сақтауды өтінді.




Соңғы жаңалықтар