Алматыда КВИ ауырып жазылғандарды оңалту бағдарламасы жасалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастарды оңалту бағдарламасы жасалады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір жазылып шыққан науқастарды қайта оңалту шараларын қолға алып жатырмыз. Осы бағытта қалалық бағдарлама жасалып жатыр. Бұл бағдарлама ауырып шыққан науқастарды бақылау, емдеу, оңалтуға бағытталған. Бұл өте маңызды, себебі әлемдегі көптеген ғалымдар коронавирустан кейін біршама уақыттан соң да бірқатар асқыну болатынын айқындап жатыр. Осы бағытта да жұмыс басталады», - деді Камалжан Надыров.

Жалпы Алматыда соңғы 15 күнде ауру деңгейі 7 есе төмендеген. Барлығы 9 306 адам сауығып шықты, бұл дегеніміз жұқтырған адамның 68% пайызы жазылды.


Соңғы жаңалықтар