+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматыда қымбат көліктерді ұрлағандар ұсталды

2021 жылғы 4 мамыр 14:12
Бөлісіңіз:
Алматыда қымбат көліктерді ұрлағандар ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол талғамайтын қымбат көліктерді айдап кеткендер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жеңіл жүрісті қыздарды тонаған екі ер адам ұсталды Алматы полициясы қара топырақты ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады Елорда полицейлері қала аумағында қамысты өртеген күдіктіні ұстады

Сәуірде қала тұрғындарынан көлігін ұрлағаны туралы полицияға екі арыз түскен. Көліктерді ұрлау әр уақытта және қаланың әр жерінде болған. Ұрланған көліктер маркасы мен моделі бірдей. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қала маңынан ұрланған көліктерді тапты.

«27-ден 33 жасқа дейінгі үш күдікті арнайы құрылғы көмегімен басқа адамдардың көліктерін оталдырған. Олар қалада тек «Land Cruiser 200» маркалы көлікті ұрлаған. Автокөліктердің барлығын «қара базарда» сату мақсатында айдап кеткен. Олар бір жол талғамайтын көлікті, нөмірін алмай-ақ, өзінің бастапқы түрінде сатып үлгерген. Көлікті сатыпалушы да анықталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 196-бабы (« Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу «) бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ұрланған жол талғамайтын көліктер иелеріне қайтарылды», - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.

Спикердің айтуынша, күдіктілердің екеуі бұрын сотталған.

«Қазір ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Руслан Смағұлов.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT