+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 235 адамға айыппұл салынды

2021 жылғы 20 қыркүйек 17:28
Бөлісіңіз:
Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 235 адамға айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 235 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да карантиндік шектеулер 30 қазанға дейін ұзартылды Алматыда үй карантинін бұзған 199 адамға айыппұл салынды Карантин: Алматыда залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізілуде

Олардың барлығы коронавирус жұқтырған және оқшаулау режимін бұзған.

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 235 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмейді.

Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден табуға болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.

Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT