Алматыда локдаун енгізіле ме - Бекшин жауап берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында локдаун туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, мамыр айында демалыс күндерге байланысты ауру жұқтырушы адамдар саны артуы мүмкін, ал мамырдың ортасынан бастап қана ауру көрсеткішінің төмендеуі ықтимал.

«Менің ойымша, Алматы локдаун жариялайтындай күйге түспейді. Біз болжауды зерттеу үшін арнайы топ құрдық «, - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол Үкіметтен вакцина көп бөлінгенін атап өтті. Алматыда халықты белсенді вакцинациялау жүріп жатыр.

Бұған дейін, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 36%-ы — жастар екенін хабараған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар