Алматыда мас келіншек көлікпен жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мас әйел көлікпен жаяу жүргіншілер жолымен жүріп бара жатқан адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Розыбақиев көшесіндегі MEGA Alma-Ata СОО алдында болды. Hyundai автомобилін 1992 жылы туған келіншек тізгіндеген. Ол қамауға алынды.

Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының мәлімдеуінше, Hyundai автомашинасын жүргізген 1992 жылы туған мас келіншек жаяу жүргіншіні басып кеткен. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») тергеліп жатыр», - деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: «Территория происшествий»
Соңғы жаңалықтар