Алматыда маскасыз жүргендерге 83 мың теңге айыппұл салына бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көшеде маскасыз жүрген адамдарға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салына бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының хабарлауынша, 5-14 шілде аралығында карантин талаптарын бұзған 165 жеке тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Олардың барлығы маскасыз жүрген.

«Әр тұлғаға қатысты ҚР ӘқбК 425-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша 30 АЕК, 83 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған», - деді департамент мамандары.

Қазір мониторинг топтары қоғамдық орындарда рейд жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр.

Бұған дейін ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтар мен бизнес субьектілерінің құқығы мен міндеттері туралы айтқан еді.

Айта кету керек, Алматыда 5 шілдеден бастап COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары енгізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар