Алматыда мәслихат депутаттары ағаш отырғызды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мәслихатының әйел депутаттары 8 наурыз қарсаңында ағаш отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық іскер әйелдер кеңесі мүшелері, БАҚ басшылары, мәслихат депутаттары Көкжиек шағын ауданында жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды.

«Осы бастаманы қазақстандық әйелдер қолдап кеткені қуантады. Біз үшін қоршаған ортаның, қаламыздың тазалығы маңызды. Бұл үндеу деп қабылдаңыздар», - деді мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Алтынай Көбеева.

Оның айтуынша, қалада ең көп ластанатын Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандары.

Қалалық мәслихаттың депутаттары арнайы жұмыс тобын құрып, жақында экологиялық аудит жүргізеді.

«Мұның алдында қалалық мәслихат Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіткен болатын. Құжаттың басты бағыттарының бірі қаланың экологиялық ахуалын жақсарту болып отыр. Ол үшін ескірген технологияларды қолданатын өндірісті азайтып, жасыл экономика шарттарын қолданатын өндірісті көбейту қолға алынады», - деді мәслихат депутаты.


Соңғы жаңалықтар