Алматыда Мәслихат депутаттарына құжат пен төсбелгілер тапсырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда VII шақырылымдағы Мәслихат депутаттарына депутаттық құжаттары мен төсбелгілері тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа депутаттық атрибуттарды өңірлік сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова табыстады.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев депуттатардың жаңа міндеттерін айтып берді.

«Құрметті әріптестер. Біздің міндеттеріміз айқын. Ойланып жүруге уақыт жоқ. Барлығымыз тәжірибеліміз. Сіздер Мәслихат депутаты ретінде қатысып отырсыздар. Қала тұрғындары сіздердің белсенді жұмыстарыңызға сенім артып отыр», - деді әкім.

Мұның алдында Nur Otan патриясы атынан өткен Мәслихат депутаттарының тізімі жарияланған болатын.

Айта кету керек, Мәслихат депутаттығына «Nur Otan», «Ақ жол», «Ауыл», Қазақстан халық партиясының депутаттары өтті.


Соңғы жаңалықтар