Алматыда мембағдарламамен салынған үй сусыз отыр: Әкімдік не дейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінің тұрғындары суық сусыз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада 4 күн су болған жоқ. Осы аптада екінші күнге кетті. «Алматы Су»-да бір жауап «Желілер коммуналдық меншікке берілмеген» дейді. Ал жеке меншік иелері болса, ойларына келгенін істейді. Енді не істейміз? Әкімдік қызметкерлерінен ешқандай көмек болмай ма? Ішетін су жоқ. Ыстық сумен жуына алмайсың. Мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй салып, кейін неге мазақ етеді?», - делінген Facebook-тегі жазбада.

Аталған мәселе бойынша Наурызбай ауданының әкімдігі жауап берді.

«Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінде суық судың болмауы d=600мм су құбырының магистральды желісінен судың кеткенінен болды. Қазіргі уақытта апатты жою жұмыстарын «Алматыинжстрой» АҚ мердігерлік ұйымы жүргізуде, себебі бұл нысанның кепілдік мерзімі бар. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Өтініш үшін рахмет»,- деп жауап берді әкімдік.



Соңғы жаңалықтар