Алматыда мемқызметтерді цифрландыру ауқымы артады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда барлық мемқызметтер цифрландырылады, бұл туралы әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баян Қоңырбаевтың айтуынша, қалалықтарға ақпараттық жүйенің қолжетімділігін барынша жеңілдету және қаланың барлық тыныс-тіршілігінің бірыңғай базасын жасау. Цифрландыру мемлекеттік органдардың ашықтық және тұрғындардың хабарлану деңгейін арттырады.

«Қазіргі кезде біз қаланың барлық нысандарына мониторинг жүргіземіз, сол арқылы жол жөндеу, инфрақұрылымдық желілерді тарту, мектептердің, бала бақшалардың, ауруханалардың шоғырлануы және басқалары бойынша көрсетілген сервистік жұмыстарды біліп отырамыз. Енді бұл бағытты одан әрі жетілдіріп, оның операциялық даму процесіне қала тұрғындарын кеңінен тарту үшін бірқатар шараларды жүзеге асырамыз», - деді Баян Қоңырбаев.

Цифрландыру басқармасында бірнеше бөлімдер болады, олар: жобалауды басқару, процестік даму және өзгерістерді басқару, мәліметтерді басқару.

Сонымен қатар, студенттер мен түлектерді цифрландыру процесіне тарту үшін техникалық университеттер және кәсіби колледждермен ынтымақтастық орнату көзделген.

Соңғы жаңалықтар