Алматыда мемлекеттік қызметтің 95% электрондық форматта ұсынылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматыдағы мемлекеттік қызметтердің 95 пайызы электронды форматта көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз бойынша Алматы цифрлық сауаттылықтың ең жоғары деңгейін көрсетіп тұр. Бүгінде 82%-ды құрады. Алматы - БҰҰ-ның азаматтарға арналған онлайн-сервистерді дамыту рейтингіне енген Орталық Азиядағы жалғыз қала. 9 айдың ішінде мемлекеттік қызметтердің 95% электронды форматта көрсетілді», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Адалдық алаңы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы» форумында.

Форумға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдері қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар