Алматыда метро стансаларының құрылыс қарқыны қандай

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан метро құрылысының барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір метрополитеннің бірінші желісі екінші кезегінің екінші іске қосу кешенін салу жұмыстары жалғасуда. Ол «Достық» және «Сарыарқа» станцияларын және батыс бағыттағы Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейінгі ұзындығы 3,1 шақырым метро желісін қамтиды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2021 жылдың соңына жоспарланған. Қазір жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Қаржыландыру да қамтамасыз етілген, - деді ол.

Биыл сондай-ақ метроның үшінші іске қосу кешенінің құрылысы басталды. Ол - Абай даңғылы бойынан Ясауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін. Сонымен қатар Қалқаман шағынауданында Әшімов көшесінің бойымен солтүстік бағытта, ұзындығы 2,4 шақырым, яғни, «Достық» – «Қалқаман» желісі қарастырылған.

«Үшінші іске қосу кешенінің құрылысы енді басталды. Жұмыстар үш жылға жоспарланған. Ол жерде Қарғалы өзені арқылы өтетін тоннельдердің учаскесі бар. Сол жерде бекіту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, желдеткіш ұңғыма қарастырылған. Міне, осылар бойынша жұмыстар басталды», - дейді Ернұр Абжахан.

Соңғы жаңалықтар