Алматыда мопед мінген есірткі сатушы ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы мопед мінген есірткі сатушыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Буран-073» патрульдік экипажы күдікті ер адамды кеше түнде Қарасай батыр мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында ұстады.

«1995 жылғы И. есімді азамат инспекторлардың күдігін тудырды. Ол патруль көлігін көріп, тұрғын үйлердің ауласына жасырынуға тырысқан. Күдікті көп ұзамай ұсталды. 26 жастағы жігіттің жеке заттарынан түрлі-түсті орамалар тәркіледі, шамасы, марихуана. Тәркіленген заттың кімдікі екендігін және шыққан жерін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды»,– деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Оның айтуынша, күдікті Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қалаға есірткіні жеткізу және оны көтерме сату арналарын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар өткізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар