Алматыда мотоциклші қағып кеткен баланың халы қалай

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының дәрігерлері Республика алаңында мотоциклші қағып кеткен баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бала жедел медициналық көмек орталығына жеткізілді. Ол бас сүйек және мидың ашық жарақатын, сондай-ақ іш қуысы мүшелерінің, кеуде мүшелерінің жарақатын алған, оң иығы сынған. Бауыры жарылған. Сол себепті операция жасалған. Қазір науқас реанимацияда жатыр. Жағдайы өте ауыр», - деп хабарлады Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасынан.

Еске сала кетейік, 19 шілде күні сағат 22:00 шамасында мотоциклші Сәтпаев көшесінің бойымен батыс бағытта, Республика алаңы, №4 ғимаратқа қарама-қарсы бағытта екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Біреуі — 1976 жылы туған әйел, екіншісі — оның 2015 жылғы баласы. Олар жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел жансақтау бөліміне жеткізіліп, алған жарақаттарынан қайтыс болды, кәмелетке толмаған бала қалалық ауруханалардың біріне жансақтау бөліміне жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар