Алматыда мүгедек студентті ұрған жігіт оқудан қуылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Тұран университетінің мүмкіндігі шектеулі студенті Самат Рамазановты ұрған 2 курс студенті Ермахан Өсеров оқудан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі тексеру жұмыстарының нәтижесінде «Тұран» университетінің 2 курс студенті Ермахан Өсеров оқудан қуылды. Мұндай шешім студенттің тәртібіне байланысты шығарылды», - деп мәлім етті унвиерситеттің қабылдау бөліміндегілер.

Еске сала кетсек, сирек генетикалық аурумен ауыратын студент Самат Рамазановты Тұран университеті жатақханасындағы көршісі соққыға жыққан еді.

Самат Рамазанов Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығының балалар онкологиясы бөлімінде сайқымазақ болып жұмыс жасайды.

Бұл оқиғадан соң жәбірленуші Бостандық ауданы полиция басқармасына арызданды.

«Рамазановтың арызын Бостандық аудандық полиция басқармасы қабылдап алды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу аясында сот медициналық сараптама тағайындалады. Сараптама қорытындысына сәйкес процессуалды шешім қабылданатын болады», - деді қалалық Полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар