Алматыда Никольский базарының орнына тұрғын үй кешені салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыдағы Никольский базарының орнына тұрғын үй кешені салынады, бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, базар аумағының нысан мақсаты өзгерген. Онда тұрғын үй кешені бой көтереді. Базар көктемге дейін жұмыс істейді. Өткен жылдың күзінде 170-ке жуық кәсіпкерге базардың 2020 жылыдың сәуіріне дейін ғана жұмыс істейтіні туралы хаттама таратылды. Олардың 20-30 пайызы кетіп қалды. Қалғандарына басқа базарлардан орын ұсынылды.

« Жер иелері әлі жоба әзірлемеді. Сәулет басқармасына да жүгінген жоқ. Тек нысан мақсатын өзгертті. Заңға сәйкес, олар жерді үш жылдың ішінде игеру қажет », - деді баспасөз мәслихатында Еркебұлан Оразалин.


Соңғы жаңалықтар