USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды

2021 жылғы 2 желтоқсан 14:11
Бөлісіңіз:
Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мен Алматы облысы шекарасында нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада полицейлер тайғақта жолдан шығып кеткен өзбекстандық жүргізушіні құтқарды «ӨКМ Оператор» ЖШС басқарушы директорының мүрдесі табылды Депутаттар утиль жинау алымына мораторий жариялауды сұрады

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Оқиға 2 желтоқсанда таңертең Талғар тасжолы бойында Бесағаш ауылының маңында болған. Оқиға куәгері таңғы сағат 7.00 шамасында «Mercedes» жүргізушісі кептеліс кезінде қарсы жолаққа қалай шыққанын камераға түсіріп алған.

Желі қолданушы жүргізушінің полиция формасында және көлік нөмірсіз болғанын айтты.

Алматы қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, видеоға Патрульдік полиция полкінің қызметкері түсіп қалған. Ол бірқатар жол қозғалысы ережесін бұзды.

«Қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Полицейдің әрекетін Алматы Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясы қарайды, әрі қарай шаралар қабылданады», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT