Алматыда «Nur Otan» атынан мәслихат сайлауына түсетін үміткерлердің тізімі бекітілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалынан мәслихат депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін тіркеу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін мегаполисте Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу туралы мәселе қаралды.

«Кандидаттардың талаптарға сәйкестігі анықталғаннан кейін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партиялық тізімі ескертусіз тіркелді. Айта кетейік, қалалық конференция барысында мәслихат депутаттығына 78 адамнан тұратын кандидаттардың партиялық тізімі жасалды. Олардың қатарында барлық әлеуметтік және кәсіби топтардың өкілдері бар. Оның ішінде 27 әйел (35%) және 35 жасқа дейінгі 15 жас бар (20%)» деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, егер сайлауды белгілеу кезінде өзгертулер енгізілмесе, партиялық тізім бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлау күніне екі ай қалғанда басталады және оған бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

Саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары тіркейді.


Соңғы жаңалықтар