Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2021 жылғы 15 қаңтарда таңертең кезекшіліктегі қызметкерге ер адам хабарласып, пәтерде екі жасар баланың қамалып қалғаны туралы хабарлаған.
«Жедел топпен бірге бас құтқарушы-психолог бірден оқиға орнына шықты. Оқиға орнында анасы пәтерден шыққан сәтте есік жабылып қалып, екі жасар баланың пәтерде жалғыз қалып қойғаны анықталды. Ал осы кезде газ плитада шәйнек тұрған және ол баланың өміріне қауіпті еді.
«Үйде жалғыз қалып қойған баланы қорқытып алмас үшін, республикалық жедел құтқару жасағының (РЖҚЖ) құтқарушылары гидравликалық құралдың көмегімен, терезе торларын кеңейтіп, терезені ашты. Құтқарушылар терезе арқылы ішке кіріп, газ плитаны өшіріп, пәтердің ішінен есікті ашты. Операция жедел өтті. Бала қатты қорқып қалған. Бас құтқарушы - психолог ана мен балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті»,-делінген баспасөз хабарламасында.
- Алматыда өзін жемқорлықпен күрес қызметкерімін деп таныстырған алаяқ ұсталды
- Алматылық ғалымдар 51 млн теңгенің грантын ұтып алды
- Теңгенің нығаюына не әсер етті – Ұлттық банк
- Елорданың сол жағалауындағы дәмханадан өрт шықты
-
Алматыда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 583 млн теңге грант беріледі
-
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам