Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы алуға жазылу басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға жазылу басталды. Бұл жайында Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің түсініктемесіне сәйкес, көрсетілген санатқа жатпайтын (12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер), бірақ Pfizer компаниясының Comirnaty екпесін ақылы түрде алғысы келетін азаматтар аталған вакцинаны ала алады», - деп атап өтеді ведомстводан.

Басқарма мәліметінше, Алматы қаласында мына 3 емханада Pfizer компаниясының Comirnaty екпесін ақылы түрде алуға болады:

№5 Қалалық емхана – 8 (727) 344 98 04 немесе 8 707 101 28 93, 8 707 931 92 63 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 141.

№7 Қалалық емхана – 8 (727) 376 33 99 немесе 8 701 111 61 81 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Бостандық ауданы, Бұхар жырау көшесі, 14.

№5 Қалалық клиникалық аурухана – 8 (727) 264 72 64 немесе 8 747 263 72 46 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Медеу ауданы, Достық даңғылы, 220.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуға болады. Бүгінгі таңда МСАК-та Pfizer (Comirnaty) екпесін ақылы алуға ниет білдірушілердің жазбасы жүргізілуде. Бағасы әлі белгісіз.


Соңғы жаңалықтар