Алматыда полицейді балағаттаған бойжеткен жауапқа тартылмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция қызметкерін балағаттаған 20 жастағы бойжеткен жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған факт әлеуметтік желілерді зерделеу барысында анықталды. «Instagram» желісін пайдаланушы бойжеткен өзінің ұялы телефонына тәртіп сақшыларын түсіріп, оларды көпшілік алдында балағаттаған.

Аталған факт бірыңғай соталды тергеу реестріне ҚР ҚК-нің 378-бабы 1-тармағы бойынша тіркелді. Бейнеролик авторы 2000 жылы туған қыз бала екендігі анықталды.

«Тергеу барысында ол, өзінің достарымен көлік ішінде спирттік ішімдік ішіп отырғандығын және достарының біреуі оның көлігін жүргізгені үшін полиция қызметкерлеріне ұстағанын айтты. Полицияның бұл әрекетін жақтыра қоймаған К.есімді бойжеткен ұялы телефон камерасына түсіре бастайды. Түсіру барысында оларды балағаттап, бейне жазбаны әлеуметтік желіде таратқан»,– деп хабарлады полициядан.

Қазіргі таңда тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар