+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Алматыда Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев қатысқан тойдың видеосы тексеріліп жатыр

2021 жылғы 7 сәуір 17:23
Бөлісіңіз:
Алматыда Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев қатысқан тойдың видеосы тексеріліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн брифинг барысында қазақстандық жұлдыздар қатысқан тойдың видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да қоғамдық орында маска тақпағандарға айыппұл салынуда Ақтөбеде карантин талабын бұзғандарға 34 млн теңге айыппұл салынды Науқас екенін біле тұра қоғамдық орынға барғандар қандай жазаға тартылады

Видео кадрларынан мереке жас жұптың үйлену тойына арналғанын көруге болады. Іс-шараға қатысушылар арасында Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Айдана Меденова болған. Тойда Сәкен Майғазиев «Сәуірден бастап тәуір күндеріміз бастала берсінші» деген тілек айтады.

«Бұл видеоны тексердік. Карантин талабын бұзу дерегі анықталды. Бейнежазба зерттелуде, содан кейін материалға заң тұрғысында баға беріледі. Бұл адамдарды бәріміз білеміз, танимыз. Олардың көпшілігі Алматыда тұрады. Егер бұзушылық расталса, шараға қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін, әнші Қайрат Нұртасқа карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл салынған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT