Алматыда салынатын жаңа саябақта құтқарушылар аллеясы ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда салынатын жаңа саябақта құтқарушылар аллеясы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының мәліметінше, Бөгенбай батыр көшесінің бойында С.Мұқанов пен Есентай өзені аралығында жаңа саябақтың құрылысы басталды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өтініші бойынша ол жерде құтқарушылар аллеясы пайда болады.

«Саябақта келушілерге барлық жағдай жасалады - жаяу жүргіншілер жолы төселіп, орындықтар орнатылады. Одан бөлек, жапырақты ағаштар отырғызылады. Атап айтқанда, үйеңкі, ерен, жөке. Сонымен қатар, құтқарушылардың құрметіне арналған монумент пайда болады «, - деп атап өтті басқармадағылар.

Саябақтың құрылысы жаздың басында аяқталады деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар