+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматыда самокат жүргізушісі төрт жасар баланы қағып кетті

2021 жылғы 4 мамыр 12:40
Бөлісіңіз:
Алматыда самокат жүргізушісі төрт жасар баланы қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда самокат жүргізушісі төрт жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда тротуарда самокат айдап кетіп бара жатқан қыз бен жігіт төрт жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2 мамыр күні Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында болған.

Көп ұзамай полиция кінәліні анықтады. Ол 24 жастағы Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны болып шықты.

«Ер адам кінәсін бірден мойындады, ол жауапкершіліктен қорқып, баланы қағып кеткен соң қашып кеткенін айтты. Самокат жүргізушісі жанында қызы болғанын айтты. Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 2-бөлігі «Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT