+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматыда санақ қызметкерлерін қабылдауға байқау жарияланды

2021 жылғы 11 мамыр 16:20
Бөлісіңіз:
Алматыда санақ қызметкерлерін қабылдауға байқау жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда санақ қызметкерлерін қабылдауға байқау жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салайық, Қазақстанда 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қазан аралығында кезекті ұлттық халық санағы өтеді. Соған байланысты ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша санақ персоналын іріктеу туралы конкурс жариялайды.

Өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша 1 кезеңнің санақ персоналын іріктеу туралы конкурс жарияланады.

Кезекті халық санағын жүргізуге 48 нұсқаушы-бақылаушы мен 618 тіркеушілер қажет.

Нұсқаушылар 2021 жылғы мамыр-шілде аралығында еңбек етсе, тіркеушілер 2021 жылғы 01 маусымнан бастап 30 маусымға дейін жұмыс істейді.

Осы уақыт аралығына олардың лауазымдық жалақысы сәйкесінше 125 000 - 83 000 мың теңге болады.

Қызметке үміткердің кәсіптік білім деңгейіне қойылатын талаптар: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім.

Жұмыс өтілі бойынша талаптарды қойылмайды.

Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар: талдамалық пайымдау, ықпал ету, командада жұмыс істеу, қарым-қатынас құру, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапкершілік, әдептілік нормаларын ұстану, әдістемені игеру, нормативтілік, нәтижеге бағдарлану кіреді.

Анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментіне жүгіну керек, мекенжай – Абай даңғылы, 125, 050008, телефон – 8 (727) 330-89-16, 8 (727) 375-21-88, электронды пошта – almatystat@mail.ru .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT