Алматыда сексеуілді қорғауға шақыратын «4 тонна құм» арт-қондырғысы пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысындағы саябақта «4 тонна құм» арт-инталляциясы пайда болды.

Бұл – қазақстандықтарды өсімдіктер әлеміне, соның ішінде бірегей ағаш – сексеуілді сақтауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 тонна құм» арт-жобасы экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға, өсімдіктердің бірегей түрлеріне қамқорлық танытуға бағытталған. Сондай-ақ, сексеуілді сақтаудың маңыздылығын ұғындыруға және оны отын ретінде пайдаланудан бас тартуға шақырады.

Бұл композицияда 4-тонна құмға батқан тұрғын үй бейнеленген (құм Балқаштың шөлді аймағындағы Бақбақты ауылынан жеткізілген). Инсталляция адамдардың табиғат күшінің алдында дәрменсіз екенін көрсетеді.

Дәл мұнша көлемдегі құмды әкелудің өзіндік символикалық астары бар. Себебі, бір сексеуіл ағаштың тамыры 4 тонна құмды ұстап тұра алады. Сексеуілдің тамырын шабу шөл даланың ұлғайуына алып келеді. Оның ұстап тұрушы тамырынан ажыраған құмдар көшіп, үйінділерге айналады.

«Құммен көмкерілген үй – бұл біздің ауылдың көрінісі. Бұл дәл жанымызда болып жатқан нәрсе. Алматы қаласынан 160 шақырым жерде сексеуілді шабудың салдарынан құм Бақбақты ауылына көшіп жатыр. Осындай инсталляция арқылы біз көрнекі түрде сексеуілді шабудың нәтижесінде шөлейттенудің қандай салдары болатынын көрсеткіміз келді», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Қазақстан аумағының 4,74% ғана орман алқаптары, оның ішіндегі барлық орман қорының жартысына жуығы сексеуілден құралады. Өкінішке орай, қолданыстағы заңнамалық тыйымға қарамастан, қазақ даласының символы – сексеуіл жылыту және тағам (кәуап) дайындау үшін отын ретінде кесіліп жатыр. Сексеуілді сату тас жолдардың бойында, жарнама сайттарында іске асырылуда.

Қазақстандағы БҰҰ-ның даму бағдарламасы мемлекеттік серіктестермен бірлесе отырып, аса маңызды экологиялық міндеттерді шешуге бағытталған бірқатар жобаларды іске асыруда.

Сексеуілдің азайуына ықпал етуші факторларға, заңсыз шабудан бөлек, шектен тыс мал жаюды, климаттың өзгеруінің нәтижесінде туындайтын аурулар мен зиянкестерді жатқызуға болады. Осынау экологиялық проблеманы шешу жолдарының бірі ретінде сексеуілді қорғау бойынша шараларды күшейту, сексеуілді шабуға байланысты мораторийді ұзарту, орман тәлімбақтарын дамыту, сексеуілдерді зиянкестерден қорғау үшін жаңа биопрепараттарды қолдану және т.б. іске асыру қажет.

Соңғы жаңалықтар