+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Алматыда шенеунік ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды

2019 жылғы 16 қазан 13:16
Бөлісіңіз:
Алматыда шенеунік ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қала құрылысын бақылау басқармасының бас маманы ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында өнер мектебінің директоры пара алғаны үшін 3 жылға сотталды Алматыдағы Медеу аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды Ауыр жүк көлігі иелерінен пара алып келген инспекторлар сотқа тартылды

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қала құрылысын бақылау басқармасының бас маманы Д. Е. Сейсембековке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Ол заңсыз құрылысты бұзу мақсатында сотқа материал жинамағаны үшін, сондай-ақ заңсыз құрылыста коммерцияны кедергісіз жүргізу үшін жеке кәсіпкерден 2 600 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алу кезінде әшкереленді» делінген хабарламада.

15 қазанда Алмалы аудандық сотының үкімімен Д.Е. Сейсембеков ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол 5 жыл бойы белгілі бір қызметті немесе басшылық лауазымды атқару құқығынан айырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT