Алматыда шетел азаматы дезинфекция қызметкерінің телефонын ұрлап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда дезинфекция қызметкерінің телефонын ұрлаған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс шағынаудандардың бірінде ішкі аумақтарды өңдеу кезінде болған. Өзбекстанның 49 жастағы азаматы «Газель» көлігінің ішінде жатқан ұялы телефонды қолды еткен. Күдікті бұған дейін де осындай әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

«Қаскөй дезинфекция қызметінің жұмысшылары тұрғын үй кіреберістерін залалсыздандырып жүргенін байқап, соны пайдаланған. Ол бірден ұсталды. Бөтенің телефонын сатып үлгермеді. Заттай айғақтар онымен бірге болды. Жеңіл ақшаны ұнататын әккі адам мұндай сәтті құр жібермеген. Сондықтан, бос көшелерге қарамастан, азаматтарға вирустардан қорғану шараларын ғана емес, жекеменшік мүлкін қорғау шараларын да ұмытпауға шақырамыз», – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанолат Зиадин.


Соңғы жаңалықтар