Алматыда соңғы тәулікте 1 ғана науқас тіркелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирустық инфекцияға байланысты эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 3 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 91 жағдайы тіркелді.

«Қазір инфекциялық стационарларда 79 пациент емделіп жатыр. Олардың бірі - Алматы облысының тұрғыны. 66 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 11 ересек адамның жай-күйі – орташа ауырлық деңгейінде (олардың біреуі облыстан). Жаңадан анықталған науқас ауырған адаммен байланыста болған», - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, провизорлық орталықтарда 613 адам карантинде жатыр, оның ішінде 79-ы — бала.

Екі күндік карантинде – 446 адам, үй карантинінде – 4411 адам оқшауланған.


Соңғы жаңалықтар