+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Алматыда сот актілерін орындау бөлімінің басшысы 2 млн теңге пара алған

2019 жылғы 22 қараша 16:45
Бөлісіңіз:
Алматыда сот актілерін орындау бөлімінің басшысы 2 млн теңге пара алған

АЛМАТЫ. ҚазаАқпарат - Алматы қаласы Бостандық ауданының сот актілерін орындау жөніндегі бөлім басшысы міндетін атқарушы пара алғаны үшін күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда бөлімнің бас маманы АӘК әперемін деп 200 мың теңге пара алған Қызылордада полицияға пара бермек болған көлік жүргізушісі ұсталды Ақмолада инспектор пойыз бригадирлерінен жүйелі түрде пара алған – агенттік

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік және персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласы әділет басқармасының Бостандық ауданы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі басшысы міндетін атқарушысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша әшкереледі.

«Ол сот актісін орындамау фактісі бойынша мүлікке тыйым салу шарасын қолданбау және ішкі істер органдарына материалдарын жібермеу үшін ЖШС директорынан 2 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде», делінген хабарламада.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің кінәсін толық мойындауына және оның сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетілген өндірісте аяқтау туралы өтінішіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT