+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Алматыда сот орындаушыларына оқ атқан адамды ұстау сәтінің видеосы пайда болды

2021 жылғы 20 қыркүйек 22:31
Бөлісіңіз:
Алматыда сот орындаушыларына оқ атқан адамды ұстау сәтінің видеосы пайда болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бес адамды атып өлтірген Алматы тұрғынынұстау сәтінің видеосы әлеуметтіе желіде пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Білім саласының 270 қызметкері жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланды - Марат Ахметжанов Алматыда қар жауды: Таңертең 57 жол-көлік оқиғасы тіркелді Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соғысты: Әуе кемесі қай компанияға тиесілі

Бүгін, 20 қыркүйекте, сағат 17:00-дер шамасында Алатау ауданы Ақбұлақ ықшамауданындағы жер үйлердің бірінің тұрғыны, сот орындаушылары оны үйден шығару үшін келген кезде, оларға оқ атқан.

Сот шешімімен танысқан соң, қылмыскер үйіне кіріп кетіп, қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада тұрған басқа адамдарға оқ жаудырған. Нәтижесінде бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде болған екі полиция қызметкері атыс қаруынан жарақат алып, қайтыс болды.

Бұған дейін қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов аталған факті бойынша іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаған болатын.

99 - бап 2-бөлім 1-тармақ – «екi немесе одан көп адамды өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл қылмыс үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Күдікті арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегімен қару қолданбай ұсталды, себебі, үйде әйелдер мен балалар болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT