+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Алматыда студенттерге арналған екі жатақхана салынып жатыр

2021 жылғы 24 ақпан 18:17
Бөлісіңіз:
Алматыда студенттерге арналған екі жатақхана салынып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта ЖОО ректорларымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Южный» саябағындағы жер учаскесі Алматы меншігіне қайтарылады Алматылықтардың көлік салығы бойынша берешегі 7,6 млрд теңгеге жеткен Алматыда 5,7 мың адам коронавирус вакцинасын алды

Кеңесте «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы қаралды. Басты міндет – студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, оларды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету.

Алматыда 6 жатақхана пайдалануға берілді. Тағы екі жатақхана салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың басында аяқталады.

Сонымен қатар, 30 жатақхана құрылысы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жаңа нысандарды салу үшін барлығы 22 жер учаскесі анықталды. Жалпы 16 мыңнан астам төсек-орын құру жоспарлануда.

Кеңеске Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Халықаралық бизнес университеті (UIB), Каспий қоғамдық университеті, Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы технологиялық университетінің басшылығы қатысып, сөз сөйледі.

Көтерілген мәселелерге қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов, қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары О.Төлебаев түсініктеме берді.

Кеңес қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров тиісті басқармаларға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын ескере отырып, жатақханалар салу жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ рәсімдік мәселелерді жеделдету және жоспарланған объектілерді уақтылы және сапалы пайдалануға беруді қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, жатақхана құрылысы инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес, нысан пайдалануға берілгеннен кейін 8 жыл ішінде инвесторлар үшін инвестициялардың қайтарымы регламенттелген.

Осыған байланысты пандемия және инвесторлардың экономикалық қиындықтары жағдайында құрылыс мерзіміне өзгерістер енгізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT