USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда такси жүргізушісі қару жасырған ер адамды анықтауға көмектесті

2022 жылғы 14 қаңтар 15:53
Бөлісіңіз:
Алматыда такси жүргізушісі қару жасырған ер адамды анықтауға көмектесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда такси жүргізушісі полицияға қару жасырған ер адамды анықтауға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс Жамбыл облысында ауыл маңынан жерге көмілген қару-жарақтар табылды Алматыда заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау басталды

М. Әуезов аудандық полиция қызметкерлерінің мәліметінше, И. есімді ер адам жаппай тәртіпсіздік пен басқа да заңсыз әрекеттерге белсенді қатысқан, сонымен қатар ірі қару дүкенін тонап, одан 10 патроны бар «BrowntnG» тегіс ұңғылы мылтығын ұрлап кеткен.

Күдікті мылтықты бесінші ықшам аудандағы ауланың бірінің қоқыс жәшігіне тығып қойған.

Бірнеше күннен кейін күдікті таксиге отырып, мылтық жасырынған жерге келген. Көлік жүргізушісі жолаушының теледидар жәшігіне қару жасырып жүргенін байқап, полицияға хабар берді.

Тұтқындау кезінде И.есімді ер адам әскери киімде болған. Оны қайдан алғанын тергеу анықтайтын болады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы қаласының комендатурасы қамқор тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы және қалада құқықтық тәртіпті орнатуға көмектескені үшін алғысын білдіреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT