Алматыда төбелескен жастар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Б.Момышұлы көшесінде төбелескен жастар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төбелестің видеосы Instagram желісінде таралды.

Видеода бірнеше адамның бір жігітті таяқпен ұрғаны түсіп қалған.

Полицияға «Б.Момышұлы көшесіндегі дәмхананың жанында бір топ жігіт төбелесіп жатыр» деген хабарлама 20 желтоқсанда түнгі 01:14-те түскен.

«Бұл құқықбұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы екі жігіт ізі суымай ұсталды. Олар М.Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Ал зардап шеккен адам алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабымен «Бұзақылық» бойынша тергеу жұмыстары басталды«, - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар