+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Алматыда туберкулезбен сырқаттану деңгейі қандай

2021 жылғы 23 ақпан 14:02
Бөлісіңіз:
Алматыда туберкулезбен сырқаттану деңгейі қандай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда соңғы 5 жыл ішінде туберкулез ауруының көрсеткіші 42,8% төмендеген. Бұл туралы Алматы қаласы «Фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Жанар Сәпиева онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда күрделі жөндеуден соң қалалық бейімдеу оралығы қызметін қайта бастады СҚО-да былтыр жаңадан 200-ден астам адамнан туберкулез анықталды Жергілікті атқарушы органдар жас дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетпей отыр

Оның айтуынша, туберкулезден болатын өлім-жітім - 68,7%, таралуы - 48,7, балалар арасында сырқаттанушылық 55,7% төмендеді.

Туберкулездің бактерия бөлусіз түрімен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеу кеңейтілді. 2020 жылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің жағдайында бактерия бөлмейтін алғашқы амбулаториялық емдеумен қамту 73,2% құрады.

«Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге бағытталған емделушілер сәтті жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау емі әдісімен туберкулезбен ауыратын 338 науқас емдеуді аяқтады (65,0%); жеке автокөлік бөліне отырып 7 мобильді топ ұйымдастырылып, 2020 жылы 1117 адам ем алды.

ФО базасы пандемия кезеңінде 300 провизорлық төсек-орын және 250 инфекциялық төсек-орынға кеңейтілді. 2020 жыл 10 қырқүйекке дейін коронавирустан 1333 науқас және 848 науқас провизорлық бөлімшеден емделіп шықты. Былтыр коронавирус+туберкулез диагнозы 5 адамға қойылды.

Биыл қосарланған диагноз 3 адамға қойылды», - деді Жанна Сәпиева.

Биылдан бастап орталықтағы 200 орын жұқпалы аурулар бөлімшесіне қайта бейімделді. Осы уақыттан бері стационарға 566 науқас түсіп, 445 пациент шықты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT