Алматыда ұлттық біліктілік тестін тапсырып жатқан мұғалім қайтыс болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы көлік және логистика академиясында бір адам қайтыс болды. Ол - ұлттық біліктілік тестін тапсыруға келген мектеп мұғалімдерінің бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Куәгердің айтуынша, тест кезінде бір мұғалімнің жағдайы нашарлап құлап қалған. Ол жедел жәрдем келіп үлгергенше көз жұмды.

Алматы қалалық полициясы департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек аталған деректі растады.

«Кісі өлімі фактісі Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалған»,- деді Салтанат Әзірбек.


Соңғы жаңалықтар