Алматыда ұры Honda Odyssey көліктерін ғана ұрлап келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 29 жастағы ер адам Қырғызстанда тіркелген «Honda Odyssey» көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған азамат тек Қырғызстанда тіркелген Honda Odyssey көліктерін ұрлауға машықтанған. Күдіктіні әшкерелеу және ұстау іс-шарасын Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің және криминалдық полицияның қызметкерлері жүргізді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті анықталып, тұрғылықты жері Алматы облысы, Қарасай ауданында ұсталды. Анықталғандай, бұрын тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталған 29 жастағы К. есімді азамат, түнде құлыпты ашатын және қозғалтқышты іске қосуға арналған арнайы техниканың көмегімен Honda Odyssey автокөліктерін ұрлап келген», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев күдіктінің ұрланған көліктерді сатумен айналысқанын атап өтті. Күдікті соңғы рет ұрлаған көлігінен құтылып үлгермеді. Көлік табылды және тәркіленді.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде. Күйдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар