Алматыда үш айға арналған жұмыртқаның шекті бағасы белгіленеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі жұмыртқаға рұқсат етілген бөлшек саудадағы шекті бағаның мерзімін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тауық жұмыртқасына (1-санат) 487 тг/он дана рұқсат етілген бөлшек сауда бағасының қолданылу мерзімі күнтізбелік 30 күннен 90 күнге дейін ұзартылды. Алматы әкімдігі бұл шешімді бағаны ұстап тұру жөніндегі қалалық комиссияның ұсынымдары негізінде қабылдады.

Бағалардың сақталуын бақылауды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары аудандық әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асырады. Оны сақтамаған әрі жыл жыл ішінде қайталағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК-тен (291 700 теңге) 200 АЕК-ке (583 400 теңге) дейін айыппұл салынады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында жұмыртқаға шекті баға 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілді. Бұл шаралар нарықтағы өнімнің құнын тұрақтандыру және сатушылардың бағаны негізсіз көтеруіне жол бермеу мақсатында жүргізіледі.

Тиісті қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар