Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мегаполисте 3 есірткі дайындайтын зертхана жойылды. Олардың бірі Медеу ауданындағы жалдамалы үйден анықталды. Тінту кезінде синтетикалық есірткі өндіруге арналған компоненттер, сондай-ақ сатуға дайын, жалпы салмағы 3,5 келі «мефедрон» заты тәркіленді. Сататын болса бұл өнімнің бағасы шамамен 40 миллион теңге. Сондай-ақ сәуір айында біз есірткі бизнесіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін кінәлары дәлелденген 8 айыпталушының ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Топ интернет ресурстары арқылы «мефедрон» синтетикалық есірткісін өндірумен және сатумен айналысты. Сонымен қатар, қоғаммен бірге есірткі заттарының таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3 901 граффити-жазулар боялды», – деді Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, Алмтының бас полицейі есірткіні жарнамалаған 5 адамның қылмыстық жауапқа тартылғанын атап өтті.

«Алматы полициясының бастамасымен жыл басынан бері 357 интернет-сайт бұғатталды. Жыл басынан бері 545 есірткі қылмысы ашылды. 380 келіден астам есірткі тәркіленді»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар