+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматыда үйірмелер, курстар мен тренингтерге онлайн қатысуға болады

2020 жылғы 29 наурыз 18:28
Бөлісіңіз:
Алматыда үйірмелер, курстар мен тренингтерге онлайн қатысуға болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы қаласының мәдениет басқармасы тұрғындардың мәдени өмірін қолдау мақсатында онлайн режимде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл атындағы жасөспірімдердің қалалық кітапханасы базасында 16 наурыздан бастап кітап оқу мен шолу, тренингтер және шығармашылық үйірмелер туралы күнделікті хабар таратылып жатыр. Ал, С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында оқушыларға арналған «Шахмат академиясы» мен «Физика және математика» онлайн үйірмелерінің көрсетілімі жүруде.

28 наурыздан бастап Almaty Creative шығармашылық үйірмесінің YouTube арнасында тікелей эфирі басталды. Түрлі техникамен сурет салу бойынша балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтарын кәсіби көркем білімі мен 10 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар Masterclass.almaty шығармашылық студиясының оқытушылары жүргізеді.

30 наурыздан бастап осы Almaty Creative үйірмесінің YouTube арнасында мектеп оқушыларына арналған шығармашылықты дамыту мектебінің оқытушылары жүргізетін «Жеке тұлғаны мәдени мұра арқылы дамыту» онлайн-курсы басталады. Курс қазақ және орыс тілдеріндегі 10 онлайн-тренингтен тұрады. Сабақтарға дәрістерден басқа практикалық жаттығулар да кіреді. Курс бастауыш сынып оқушыларына арналған және шығармашылық пен заманауи оқытудың креативті технологиясын біріктіреді.


Сонымен қатар, 30 наурыздан бастап заманауи өнер туралы білім алаңы онлайн форматта басталады. Үш апта бойы аталған мектеп қатысушыларына Қазақстан және әлемдік заманауи өнер тарихы, жаңа технологиялар, философия және өнер менеджменті туралы дәрістер қолжетімді боламақ.

«Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен біз балаларымыз бен жасөспірімдердің мәдени-гуманитарлық дамуы бойынша онлайн жобаларды, сондай-ақ ересектерге арналған пайдалы курстарды жүзеге асырып жатырмыз. Алдағы уақытта біз вокал, балет, актерлік шеберлікке арналған онлайн-мектептер ашуды жоспарлап отырмыз», — деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев.

Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген онлайн-шаралардың бәрі тегін және Almaty Creative үйірмесінің YouTube арнасында, almatycreative.kz. сайтында қолжетімді. Анонстар мен сабақ кестелері @almaty.creative және @almatymadeniet. аккаунттарына орналастырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT