Алматыда үздік полицейлер марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы полициясының 100-ден астам қызметкері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мереке қарсаңында Алматы қаласының 100-ден астам полиция қызметкері ІІМ мен ПД басшылығының Құрмет грамотасымен, төсбелгі, алғыс хатымен марапатталды.

Шара барысында Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов әріптестерін 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

«Құрметті әріптестер! Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін және бұл мереке сіздердің жүректеріңізді мемлекет үшін мақтаныш сезіміне бөленсін, бірлік пен түсіністік тілейміз. Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, шығармашылық шабыт, Отанымыздың игілігі жолындағы жемісті еңбек тілеймін», – деді Қанат Таймерденов.


Соңғы жаңалықтар