Алматыда ыстық су өшіріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат–Алматының солтүстік бөлігінде орналасқан бірнеше көшеде ыстық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, маусымның алғашқы он күндігінде Түрксіб ауданында бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су өшіріледі.

Сүйінбай - Щелково, Элеваторская - Щелково, 1-15 маусым аралығында;

Спартак - Р. Зорге, Сауранбаев - Ақан Сері, Нұрсай - Кустанайская, Спасская - Клара Цеткин 1-12 маусым;

Коминтерна - Монтажная, Майлин - Баймағамбетов, 1-15 маусым.

Компанияның мәліметінше, 1-15 маусым аралығында «Лев Толстой 6 Б», «Мелкомбинат» , № 85 мектеп пен «Жас Қанат» қазандықтарының су жылытатын желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар