Алматыда заңсыз салынған сауда нысаны бұзылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда заңсыз салынған сауда нысаны күрелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Сейфуллин даңғылындағы 462-үйде орналасқан сауда нысанына тексеру жүргізілгенін хабарлады.

«Біз нысаның жер заңнамасына сәйкестігін тексердік. Нәтижиесінде меншік иесінде қажетті рұқсат құжаты болмай шықты. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, жою туралы хаттама толтырылды», - деп атап өтті басқармадағылар.

Заңсыз салынған нысанды бұзу соттың шешімімен жүзеге асырылды.

«Нысан иесі өз еркімен сауда нүктесін бұзған жоқ. Соған байланысты біз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына арыз түсірдік. Соттың шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Нысан сот орындаушыларының қатысумен күрелді», - деп толықтырды ведомствадан.

Еске сала кетсек, бұған дейін қаладағы Қарасай батыр мен Әйтиев көшелерінің қиылысындағы көлік жуу орны мен бірнеше коммерциялық нысан бұзылғаны жөненде жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар