Алматыда жағдайы ауыр 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3 688 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 680 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 562-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 118 -і симптомсыз ауырған.

«Инфекциялық стационарларда 3 688 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 102 бала емделуде. 830 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 858 науқас орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 251 адам жатыр. Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 86 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 239 пациент бар. Оның ішінде 5 384 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 855 адамда ауру белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар