+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Алматыда жаппай ағаш кесу: мердігерлерге айыппұл салынды

2020 жылғы 24 қараша 05:18
Бөлісіңіз:
Алматыда жаппай ағаш кесу: мердігерлерге айыппұл салынды

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы сауда үйінің алдындағы ағаштардың жаппай кесілуінің мән-жайын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көктемде болуы ықтимал су тасқынына дайындық жоспарға сай жүріп жатыр - Қазсушар Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды Шымкентте полицейлер бір тәулікте 379 әкімшілік құқық бұзу әрекетін анықтады

23 қараша күні Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы, табиғатты қорғау полициясы, Алмалы аудандық қоршаған ортаны қорғау және экология басқармасының мамандары ағаштардың оталуының мән-жайын анықтау үшін Төле би көшесі, 187 мекенжайына барды.

« Аталған мекенжайда 13 ағаштың (9 емен және 4 қарағаш) алынып тасталғаны анықталды. Sulpak мердігерлері - «Сакура»ЖК мен «Бөрібекова» ЖК Төле би көшесі, 187 ғимараттың жанында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Arena S» ЖШС (Sulpak) пен ғимарат иелері және екі жеке кісіпкер - «Сакура» мен «Бөрібекова» арасында демонтаж жұмыстарын жүргізу, тротуар плиталарын қайта қалыпына келтіру және ағштарды кесу бойынша келісімшарттар жасалған. Оталған ағаштарға келтірілген зиянды анықтау үшін Жасыл экономика басқармасы Іле Алатау ұлттық табиғи паркіне сұраныс жолдады. Оның жауаптары бойынша осы бұзушылықтың квалификациясы жасалады «, - деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ басқарманың хабарлауынша, «Сакура» ЖК директоры А.Чертихинаға қатысты, полиция Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 437 бабы, 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырып. 20 АЕК яғни 55 560 теңге айыппұл салды.

«Бөрібекова» ЖК-не қатысты іргелес аумақты уақтылы тазартпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы, 1-бөлігі бойынша, 30 АЕК мөлшерінде, 83340 теңгеге әкімшілік хаттама жасалды.

Бұған дейін, Алматы тұрғындары емен және қарағашты отап тастағандарға наразылық білдірген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT